«Мәдениет туралы» туралы заңға креативті индустрияға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде Креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасы қабылданды, қазір ол жоспарлы түрде іске асуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұжырымдамамен қазіргі заманғы өнер, кино, музыка, сән, қолөнер және цифрлық өнердің негізгі секторлары, сондай – ақ, креатив саласында заңды және жеке тұлғалардың көп жиналған жер ретінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары айқындалды. Алдағы уақытта қалалардың тізімі ұлғаяды»,- деді вице-министр.

Креативті индустрияға қатысты өзгерістер мен толықтырулар «Мәдениет туралы» туралы заңға, Кәсіпкерлік Кодекске енгізіледі.

«Біздің көзқарас бойынша креативті индустрия өкілдері мемлекеттік қолдауды алып қана қоймай, салықтың белгілі бір түрлерінен босатылуы керек. Тек мемлекет қана емес, сонымен қатар, меценаттар мен бюджеттен тыс төлемдер есебінен қаржыландырылатын креативті жобаларды қолдау бойынша жеке қор пайда болуы керек. Бұл жаңалықтың барлығы, әрине, заң жобасында көзделетін авторлық және сабақтас құқықтар бойынша нормаларды жетілдірумен қатар жүруі тиіс. Заң жобасының тұжырымдамасы халыққа биылғы жылдың соңына дейін ұсынылады»,- деді спикер.

Ол сондай-ақ жыл соңына дейін жеңілдетілген қаржыландыру ретінде мемлекеттік қолдау шарасы қолдау шарасы көрсетілетін креативті индустриялар қатарынан басым қызмет түрлерін анықталатынын айтты.

«Сонымен қатар, қазіргі таңда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламалары аясында жергілікті қолдау бағдарламалары пысықталуда»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.