Мәдениет және ақпарат министрі аймақтардағы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін арнайы қаржы қарастыруды ұсынды

sp;АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін IV Азаматтық форумның жұмысы  барысында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед еліміздің аймақтарындағы басшыларға өз өңірлеріндегі үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін алдағы үш жылға арналған қаржы көздерін қарастыруды ұсынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда, аймақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың барлығы көпшілікке таныс болуы қажеттігін айтқан министр,  «үкіметтік емес ұйымдардың атқарып отырған істері ашық, жариялы болуы тиіс. Сондай-ақ қазір көпшілік арасында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысымен тек Мәдениет және ақпарат министрлігі айналысады деген жаңсақ пікір қалыптасып отыр. Ал түптеп келгенде, бұл іспен өз саласы бойынша әрбір министрлік айналысуы тиіс», деп атап көрсетті.