«Қазақстан» ұлттық арналары республика аумағында толық қамтылуына байланысты арнайы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасының тікелей эфир барысында жүктеген міндеттеріне сәйкес, Үкіметке, министрліктерге берген шараларының орындалуын көрсету мақсатында «Арна-медиа» холдингіне арнайы тапсырма беріледі. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тікелей желіде көтерген мәселелеріне және Елбасының атына келіп түскен сауалдарға қатысты арнайы жұмыс жоспары бекітілетін болады. Бұл бағытта ең алдымен Ақпарат және мұрағат комитетіне арнайы тапсырма жүктелінеді. Комитет Қазақстандағы «Хабар» мен «Қазақстан» ұлттық арналарын көре алмай отырған елді мекендерді анықтауы тиіс. Ондай өңірлерге ұлттық арна өнімін жеткізу үшін қандай шаралар атқаруы керектігі бойынша арнайы зерттеулер жүргізуі керек. Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін бұл туралы нақты баяндалуын сұраймын», деді министр.
Сонымен бірге, министр бүгінгі электронды ақпарат құралдарындағы жағдайға тоқтала келе, бұл салада отандық өнімнің мөлшері артып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі күні қазақстандық электронды ақпарат құралдарында 60 пайыздан кем болмайтындай отандық өнімдер қамтылып отыр. Бұл ретте еліміздегі жетекші ұлттық арналар халыққа 90 пайызға жуық өздерінің өнімдерін ұсынуда.