деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол баспасөз, теледидар және радио саласы қызметкерлерінің жұмыстарына шығармашылық табыс тілей келе, Елбасының ақпарат саласына көрсетіп отырған үлкен сенімімен қатар, артқан жауапкершілігі де жоғары екенін атап өтті.
М.Құл-Мұхаммед бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін осы саланың бірқатар қызметкерін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапаттады. Олардың ішінде «ҚазАқпарат» Ұлттық агенттігі, «Хабар», «Қазақстан», «Рахат» телеарналары мен «Заң», «Жас қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттері, «Шалқар» радиосы және тағы басқалар бар. Сондай-ақ министр баспасөз, теледидар және радио қызметкерлерінің тағы бір тобына құрмет грамоталарын табыстады.
Салтанатты шара барысында сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті журналистер арасында ұйымдастырған байқаудың нәтижесі бойынша «Үздік басылым», «Үздік телеарна», «Үздік радио» және «Үздік сайт» аталымдарына сәйкес жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар дипломдармен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталды.