Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік органдардың баспасөз қызметкерлеріне твиттерге көшуді ұсынды

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «БАҚ, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қызмет етуінің негізгі басымдықтары атты дөңгелек үстелде  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалианбеков мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері твиттер аккаунтын қосуы керектігін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, министрліктердің веб-сайттары бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары қажет ететін жеделдікке сай келмейді.  Яғни, ведомстволардың өмірі мен іс-қимылына олардың веб-ресурстары сәйкес қадамдар жасамай, қалыс қалуда.

 Б. Қалианбековтың пайымдауынша, бүгінде әлеуметтік желілер адамдардың өміріне қатты еніп бара жатыр. «Бұл желілерде ақпаратты белсенді алмасу үрдісі жүруде. Яғни, бұл тұғырда тиісті деңгейде көрсетілмей отырмыз . Атап айтқанда, әр баспасөз хатшысында, баспасөз қызметінің әр қызметкерінде өз твиттері болғаны жөн болар еді.  Олар ұдайы пікір алмасуларды байқап, оларға қатысуы тиіс, сондай-ақ туындаған сауалдарға жауап беруі қажет»,-деді комитет төрағасы.