Министр осы сапарында «Жас батыр» облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті. «Бұл мектепте мақсаты айқын дарынды спортшылардың өсіп келе жатқаны қуантады. Мектеп басшылығы тек Ақтау жастарын тәрбиелеумен ғана шектелмей, ауылдардағы спорт клубтарында шынығып жатқан спортшылармен де ынтымақтастық жасап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатын жүзеге асырып отырғаны өте маңызды. Жақында ғана осы мектептің тәрбиеленушісі Рамазан Мамаев Сербияның Нови-Сад қаласындағы халықаралық турнирде бүкіл қарсыластарын бірінен соң бірін жеңіп, самбодан тұңғыш маңғыстаулық әлем чемпионы болды. Ол соңғы жеті жылдан әлемдік турнирде Қазақстан алған бірінші алтын медаль болды», - деді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
21:34, 25 Қазан 2017
Мәдениет және спорт министрі Ақтаудағы дзюдо турниріне барды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында дзюдодан 2001-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионаттың құрметті қонағы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.