Мәдениет және спорт министрі «Көкжайлауға» қатысты түсініктеме берді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар,қазақстандықтардың көпшілігін алаңдатқан Алматы маңындағы «Көк Жайлау» таушаңғысы курортын салу мәселесі басты назарда. Қоғамда пікірталас тудырғанмұндай маңызды мәселе салиқалы жауапты қажет етеді. Қоғамның мүддесін қорғап,жанашырлық танытқан қаламгерлерге айтар алғысым да шексіз. Өкінішке қарай,аталған бастама бойынша журналистерге жауап беруге мүмкіндігім болмады.Осы тақырып бойынша қысқаша түсініктемеберу мүмкіндігі енді ғана туды», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Ол, Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша курорт құрылысы тоқтатылғанын ескесалды.

«Мемлекет басшысы бұл мәселедеасығыстық танытпай, сарапшылардың талдауларын зерттеп, қала тұрғындарыныңпікірін ескеру қажет екенін атап көрсетті. Сол кездегі Алматы әкімі БауыржанБайбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен «Көк Жайлау» курортының құрылысыжобасын толықтыру және тоқтату қажет екенін айтқан болатын», - дейді ол.

Министрдің айтуынша, ҚР Мәдениетжәне спорт министрлігі кез келген үкіметтік ведомство сияқты бірінші кезектеқұқықтық нормативтік актілерді зерттеп дайындаумен айналысады.

«Көп жағдайда мәдени, спортнемесе туристік нысандарды салу туралы шешімді жергілікті атқару органдары:әкімдік, мәслихат, қоғамдық кеңес (болған жағдайда) қабылдайды. «Көк Жайлау»курорты бұл аядан тысқары шығып, ол бойынша шешімді Президент қабылдады.Қазіргі сәтте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бәрімізге белгілі. «КөкЖайлау» жобасы тоқтап тұрғанын жеткізгім келеді», - деп жазды министр АқтотыРайымқұлова facebook-те.

Бұғанға дейін, Алматы әкімініңорынбасары Ержан Бабақұмаров «Көкжайлау» жобасын іске асыруға қатыстыәлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа түсініктеме берген болатын.



Соңғы жаңалықтар