Мәдениет және спорт министрлігі «Тәні саудың – жаны сау» атты челленджді бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Тәні саудың – жаны сау» атты акцияны бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Facebook-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Қымбатты достар. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Тәні саудың – жаны сау» атты жаңа акцияны бастап отыр. Біз бұл шараны Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ спорт ұйымдарына жолдаймыз», - делінген ҚР МСМ хабарламасында.

Хабарлама бейнероликпен расталған, ондағы кейіпкерлер үйде отырып- ақ спортпен шұғылдануға болатындығын істерімен дәлелдеген. Тек қана ниет болса болғаны...