«Бізде мәдениеттің де, спорттың да бар екендігін мақтан тұтамын. Бұл әнұранымызды ойнатып, туымыз көкке көтеретін салалар саналады. Бүгінгі күні мәдениет қайраткерлері де, спорт қайраткерлері де Қазақстанның бай мәдениетінің тамаша үлгілерін, спортшыларымыздың айрықша жетістіктерін таныту үшін еңбек етіп жүр. Сондықтан қазіргі уақытта бұл екі саланың бір өкілетті орган құрамында болғаны орынды», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол қазақстандық спортшылар мен әртістер арасында коронавирус індетін жұқтырғандар жоқ екенін атап өтті.
«Менде мұндай ақпарат жоқ. Спортшыларымыздың да, әртістеріміздің де дені сау болып, өз қызметін одан әрі жалғастыра береді деп сенемін», - деді Ақтоты Райымқұлова.