Мәдениет және спорт министрлігінде Жолдаудан туындаған міндеттер сараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Мәдениет, өнер, спорт және дін саласының өкілдері Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылаған болатын.

Үстіміздегі жылдың 30 қарашасында жария етілген ҚР Президенті Жолдауы атқарылған жұмыстарға объективті бағасын беріп, жаһандық сын-қатерлер жағдайында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша жаңа дағдарысқа қарсы кешенді шаралар мен құрылымдық қайта құруларға аса маңыз береді.

Жолдауды таныстыру барысында Президент айтып кеткендей, «Бүгінгі таңда көбі Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік ел идеясын бастаған біздерге байланысты. Біз ұзақ, орта және жуық арадағы мерзімге арналған стратегияларды жасадық».

Талқылау барысында отырыс қатысушылары Жолдаудың ұлттың дағдарысқа қарсы бағдарламасының бағытын анықтайтындығына бірауыздан келісті. Экономикалық дағдарыс жағдайында мәдениет, спорт және дін салалары әлеуметтік тұрақтылықты күшейту, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

- Саламыздың жоғары тәрбиелік мәні жағымды әлеуметтік орта қалыптастырып, азаматтар арасында жоғары идеалдар дәріптейді және бірлік пен патриоттылық сезімін арттырады, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. - Басты мақсатымыз - «Мәңгілік ел» идеясы негізінде қоғамды рухани және мәдени тұрғыдан біріктіру.

Сонымен қатар министр «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының арқасында бүгінгі таңда саланың стратегиялық дамуының жолдары анықталған. «Тұтастық пен бірлік» бағытындағы институционалды реформаларды жүзеге асыру шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігі 19 нормативті-құқықтық актілерді даярлау бойынша кешенді жұмыс атқарды.

«Астана Балет» хореографиялық ұжымының жетекшісі В. Күзербаев Президент Жолдауында еліміздегі қаржылық тұрақсыздыққа жол бермеумен қатар, дамуыдың мүмкіндіктері мен перспективаларына аса назар аударылғандығына тоқталып кетті.

«Дағдарыс - ол тек сынақ болып қана қоймай, біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жолдар ашады. Аса дағдарысты 90-жылдары, тәуелсіздігімізді нығайту кезінде-ақ мәдениет және өнер мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отырды. Дәл сол уақытта бүгінгі таңда біз иелік етіп отырған материалды-техникалық базаның негізі қаланды», - деді Валерий Күзербаев.

Отырыс соңында ведомство басшысы өз тарапынан экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың салдарын лайықты еңсеру үшін барлық күшін салуға және саладағы жаңғырудың жаңа кезеңін бастауға дайын екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.