Мәдениет және спорт министрлігі #TaskynKomek көмек жинау штабымен бірлесе отырып, Ақмола облысының судан зардап шеккен аудандарына 30 қап ұн мен 20 қап күріштің жеткізілуін ұйымдастырды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері қаржы жинап, зардап шеккендер қорының есебіне 600 мың теңге аударды.
«Астана Опера» театрының ұжымы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына бір күндік жалақыларын аударды. Театрдың көптеген қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанаты жанындағы Қоғамдық штабқа қиын жағдайда қалған адамдарға тағам өнімдері мен киім-кешек жолдау арқылы халық акциясына қолдау білдірді.