АЛМАТЫ. KAZINFORM - Наурызнаманың онкүндігі аясында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтілді.
Еліміздің мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына арналған кеште Әуезов ауданының «Даму Бала» шығармашылық үйірмелерінің тәрбиеленушілерінен құралған 200 жас домбырашы күй тартты.
Олардың ішіндегі ең кішісі - 6 жаста.
Мерекелік концерт барысынла Құрманғазының «Адай» және «Балбырауын», Ә. Желдібаеваның «Ерке сылқым», Н. Тілендиевтің «Әлқисса» және басқа да күйлері орындалды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.