«Кеше Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының міндетін атқарушыны тағайындадық. Бұл қызметке ғалым Карл Байпақов келді», - деді вице-министр.
Өз кезегінде К. Бапақов құрылған орталық архелогия, мәдениет, дінтану салаларындағы алдыңғы қатарлы ғалымдардың зерттеулерін шоғырландыратынын атап өтті.
Мәдениеттерді жақындастыру орталығының негізгі міндеттері ЮНЕСКО Мәдениеттер жақындасуының онжылдығынын өткізудің Іс-қимыл жоспарымен үндес болып келеді. Жаңа мекеменің жарғысына сәйкес, музей құндылықтары мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, толықтыру, зерттеу және насихаттау, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұра нысандарын сақтау саласында жаңа білімді алу мен пайдалануға бағытталған ғылыми-ағартушылық қызметті, зерттеулерді жүргізу қамтылған.
Қазіргі кезде Қазақстанда ЮНЕСКО-ға «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» қызметінің аталған халықаралық ұйым қамқорлығымен жүзеге асырылуы бойынша өтініш беру мәселесі қарастырылып жатыр.