Мәди Амангелді мен Айдар Арапов Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдегер атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошылар Мәди Амангелді мен Айдар Арапов ел қоржынына күміс және қола медаль салды.
Мәди Амангелді ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуге шықты. Ол шешуші кездесуде Түркия өкілі Ведат Албайракпен кездесіп, тартысты айқаста қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал Айдар Арапов 90 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Тәжікстан спортшысы Мухамеджон Абдужалилзаданы жеңіп, жарысты жүлдемен аяқтады.
Қазақстан құрамасының дзюдошылары Эр-Риядтағы ойындарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан екі дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты.