Осы уақытқа дейін Рабат, Исфахан, Дакар, Александрия және өзге қалалар ислам мәдениетінің астанасы атанған болатын. 2003 жылы Мекке шаһары ислам мәдениетінің астанасы ретінде жарияланған еді. Ал ағымдағы жылға орай, Мәдина қалалық әкімшілігі шаһардың бай мәдениетінен хабар беретін түрлі конференциялар, семинарлар ұйымдастыруды көздеп отыр. «Бұл шараларға әлемнің түкпір-түкпірінен айтулы тұлғалар қатысады. Олар Мәдинаның төл мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысады»,- деп мәлімдеді әкім. Сонымен қатар, биыл Мәдинадағы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешіті кеңейтілетін болады.
Осы ретте Ханзада қала халқын салтанатты шаралардың ойдағыдай өтуіне қолғабыс етуге шақырды. Сондай-ақ, ол кейіннен пайда болған БАҚ-тың, әлеуметтік сайттардың археологтар мен жазушылардың конференциялары секілді Мәдинада өтетін мәдени шараларды насихаттаудағы роліне тоқталды.