Аталмыш кешеннің құрылысына миллардтаған қаражат жұмсалған. Әуежайдың сыйымдылығы жылына 8 млн жолаушыларды қамтиды. Кешеннің екінші бөлігін іске қосқан соң жолаушылар саны 18 млн-ға жетеді, үшінші кезеңнен кейін 40 млн-нан асып жығылмақ. Айта кету керек, халықаралық әуежайға Сауд Арабиясы ханзадасы Мұхаммед бин Абдул Әзиз есімі берілді. Кешеннің ашылу салтанатына Сауд королі Салманның өзі қатысты. Жаңа әуежай елдегі жеке компаниялармен басқарылатын жалғыз мекеме болып саналады.
02:07, 08 Шілде 2015
Мәдина қаласында қажылар әуежайы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдина қаласында жаңа әуежай ашылды. Сауд Арабиясына қажылыққа келген мұсылмандар ұшағы осы әуежайға тікелей келіп қонады, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің порталында.