Әлеуметтік желілерде әншіні жанкүйерлері мен тыңдармандары жарыса құттықтап жатыр. Бұл қуанышты жаңалық жайлы әріптестерінің арасында алғашқылардың бірі болып «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев Instagram-дағы жеке парақшасында жазды:
- «Сүйінші! Олжас пен Мадинаның ақ отауына алтын асықтай ұл келді! Иманды, білімді, өнерлі болып өссін!
Айта кетейік, әнші 1999 жылы "Жас Қанат" байқауында ән шырқап, оның ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева өз қамқорлығына алады, ақ жол, сәт сапар тілейді. Артынша Роза мен Мәдина дуэт болып шырқаған "Мақсат - бақыт бастауы" атты әндері жарық көрді.
1999 жылы Мәдина "Азия Дауысы" байқауында өзінің бағын сынайды. Сол жылы ол облыста "жыл адамы" деп танылады. Одан кейін Президент оркестрінде, "Гүлдер" ансамбілінде ән шырқайды. 2004 жылы Ермек Елгезектің "Махаббат жалыны" атты әніне алғашқы бейнебаянын түсіреді. Сезімге толы, керемет ән халық арасында кеңінен таралып кетті. Араға көп уақыт салмай "Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш ән жинағы жарық көреді.