RCC Boxing Promotions және Alban Boxing Promotions промоутерлік компанияларының хабарлауынша, қазақстандық алғашқы минуттарда-ақ басымдылық танытып, екінші раунда әлдеқайда тәжірибелі тайлық қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша Жанұзақтың еншісінде үш жекпе-жек, үш жеңіс бар.
Айта кетейік, «2017 IBF Silk Road Championship Tournament» турнирінің аясында өткен бұл жекпе-жектің бас сыйлығы - IBF тұжырымы бойынша өңірлік чемпион титулы. Бұл белдікті алу үшін Мадияр келесі айқаста жеңіске жетуге тиіс. Мадиярдың қарсыласы бүгін анықталады. Ол - Джон Марк Алеман (Филипины, 4-0-0) - Су Юнь Хуань (Қытай, 6-1-2) жұбының жеңімпазы.