Мадонна Беверли-Хиллздағы вилласын 22,5 млн. долларға сатпақ

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Әнші Мадонна өзінің Беверли-Хиллздағы вилласын 22,5 млн. долларға тағы да сатуға шығарды. Өткен жылы оған 28 млн. доллар сұраған болатын, деп хабарлады РБК.

Бір қызығы, Мадонна оған 10 жыл бойы иелік етсе де, қай жерде екені құпия ұсталып отыр. Дегенмен, бұл жылжымайтын мүлікті әнші 2003 жылы 12 млн. долларға сатып алғаны белгілі.

Үй 1912 жылы салынған, онда 9 жатын бөлмесі, 2 қонақжайы, екідеңгейлі асхана, үй кинотеатры, тренажер залы, ашық бассейн және теннис корты бар. Үйде сондай-ақ шағын «бизнес-орталық» - қожайынның кабинеті, хатшы мен көмекшінің кабинеттері бар. Учаске аумағына қызметші тұратын үй, қонақүй орналасқан.