08:07, 09 Сәуір 2009
Мадонна Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесті
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Атақты әнші Мадонна Италиядағы зілзала салдарынан зардап шеккендерге және Аквила қаласын қалпына келтіруге 750 мың долларға жуық қаржы аударды.
Абурццо облысының әкімшілік орталығына жақын жердегі Пачентро ауылын бір кездері Мадоннаның анасы мен әжесі мекен еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап. «Мен ата-бабам туған қалаға көмек көрсете алғаныма қуаныштымын. Менің жүрегім жақындарын жоғалтып, баспанасыз қалып отырғандармен бірге», - дейді Мадонна.