Euronews хабарлағандай, Пуэрта дель Соль алаңында кездескен Рим Папасы сапарына қарсылар мен жақтаушылар бір-бірін балағаттады.
Сапарға қарсы топ Папаға немесе Ватиканға ғана емес, сапарға және онымен байланысты іс-шараларға жұмсалатын қаржыға да қарсы екендіктерін мәлімдеді. Бұл Испаниядағы ауыр экономикалық дағдарыспен байланысты.