БРЮССЕЛЬ-МАДРИД. ҚазАқпарат - Мадридтің орталығындағы ғимаратта болған жарылыстан кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі испан БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес Алмейда мәлімдеме жасап, оқиғаның себебі - тұрмыста қолданылатын газ екенін жеткізді.
Жарылыс жергілікті уақытпен сағат 15:00 шамасында болған. Ғимараттың жоғарғы төрт қабатына зақым келген. Бұл ғимарат - қала орталығында орналасқан қонақүй.
Жедел жәрдем бригадалары көшедегі жарақат алған адамдарға көмек көрсетіп жатыр.
Полиция қоршап алған оқиға орнына Мадрид өрт сөндіру бөлімінің 9 бригадасы келіп жетті.
Фото: Reuters/Susana Vera
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.