Мадридте Хеллоуинді мерекелеу кезінде үш қыз тапталып өлді

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Мадридте Хеллоуинді мерекелеуге арналған концертте 18 бен 25 жас аралығындағы үш қыз тапталып өлді, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Утро.ру.

Қайғылы оқиға бейсенбі күні таңертең 10 мың адам сыятын Madrid Arena de la Casa de Campo ойын-сауық кешенінде орын алды. Мереке кезінде белгісіз біреу жанып жатқан файер лақтырған, нәтижесінде шошынған қалың тобыр қыздарды таптап кеткен. Қазіргі таңда полиция тергеу амалдарын жүргізуде, кінәлілер іздестірілуде.