Басылымның ақпаратынша, ірі ұрлық өткен жылдың жазында орын алған. Алайда картиналардың иелері де, полиция да бұл туралы еш ақпарат таратпаған.
Өнер туындылары ұрланған жеке құрылым Мадридтің қауіпсіз ауданында орналасқан. Бұған қарамастан, тонаушылар үйге кіріп, дабылқаққышты сөндіріп, картиналарды жымқырып кеткен. Өнер туындыларының құны шамамен €30 млн құрады. Бұл қымбат суреттер белгілі суретшінің досына тиесілі болған.
Атап өту керек, суретшінің картиналары жоғары бағаланады. Ағылшындық реалист Фрэнсис Бэкон өткен ғасырдың танымал шеберлерінің бірі.