Кездесу 9 тамызда норвегиялық Тронхейм қаласында «Лекрентал» стадионындва өтті, негізгі және қосымша уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды. Матчтың 21-ші минутында Марко Асенсио мадридтіктерді алға шығарды. Бірінші таймның соңына дейін төрт минут қалғанда Франко Васкес тепе-теңдікті қалпына келтірді. 72-ші минутта украиндық «Севиль» шабуылшысы Евгений Коноплянка пенальти соқты. Соңғы минутта Серхио Рамос командасын жеңілістен құтқарды.
Овертаймның басында қорғаушы Тимоте Колодзейчак ойын алаңынан шығарылды, ал 119-минутта «Корольдік клубқа» Даниэль Карвахальдың дәл соққысы жеңіс әперді.
«Реал» тарихта үшінші рет УЕФА Суперкубогын иеленді. «Севиль» үшінші жыл қатарынан кубокқа қол жеткізе алмады.