Мафияға қарсы рейдтер барысында 90 адам ұсталды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Итальяндық полиция Контини мафия қауымымен күрес бойынша жүргізілген кең ауқымды операция барысында 90 адамды тұтқындады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Бұл қауым Каморра құрамына кіреді, яғни неаполитандық мафияның мүшесі. Мафия мүшелерін тұтқындау Неаполь, Рим және Флоренция қалаларында жүргізілді.

Болжам бойынша Римнің орталығында осы қауымға тиесілі барлар мен пиццерияларды полиция қызметкерлері тексеріп шықты.