Магадан-Мәскеу рейсіндегі ұшаққа жай түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Магадан-Мәскеу рейсін орындаған ұшақты қонғаннан кейін тексеру кезінде оның алдыңғы бөлігін найзағайдың соққаны анықталды.

Boeing кеше күндіз Мәскеуге жақындаған сәтте күн күркіреп, найзағай ойнаған. Ұшақ аздап зақымданған.

Жолаушылар жай түскендігін аңғармаған. Бір қуаныштысы, келеңсіз оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.