МАГАТЭ басшысы Юкио Амано Жапонияға ұшып шықты

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - МАГАТЭ басшысы Юкио Амано "Фукусима-1" АЭС-іне қатысты жағдайды өз көзімен көріп, бағалау үшін Жапонияға ұшып шықты, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Бұрынырақ ол осы жағдайдың өте қиын екендігін, алайда ауқымды апат жайлы айтуға ерте екендігін хабарлаған болатын.

Венадан Токиоға аттанып бара жатқан кезінде Амано халықаралық қоғамдастық Жапонияны қолдаусыз қалдырмайтындығын да мәлім етті.