МАГАТЭ Иранмен ядролық мәміле шарттарының орындалуы туралы есеп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран ядролық мәміленің барлық талаптарын орындады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Окия Аманоның ұйымның сайында жарияланған мәлімдемесінпе айтылған.

«Бүгін мен Иран Бірлескен барлығын қамтитын іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға көшудің қажетті әзірлік қадамын аяқтағанын қуаттайтын баяндама шығардым. Баяндама БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мен МАГАТЭ басқару кеңесінің қарауына ұсынылды.

МАГАТЭ басшысы атап өткендей, агенттік инспекторлары Иран іс-қимыл жоспарына сәйкес барлық шараларды жүзеге асырғанын қуаттады. Ол сондай-ақ Тегеран МАГАТЭ кепілдіктері туралы келісімге қосымша хаттаманы қолдануды бастайды, ал бұл өз кезенде Ислам Республикасының басқа міндеттемелерімен бірге МАГАТЭ-нің Иранның ядролық саладағы қызметіне бақылпау мүмкіндігін күшейте түсетінін айтты,

«Бұл халықаралық қоғамдастық үшін маңызды күн. Мен оны жүзеге асыруға көмектескендердің барлығын, әсіресе «алтылық» ретінде белгілі елдер тобын, Иран мен МАГАТЭ басқару кеңесін құттықтаймын», - деп атап өтті Амано.

14 қаңтардва Иранның атом энергетикасы ұйымының өкілі Бехруз Камалванди Иран Аракедегі реактордың белсенді аймағын алып тастағанын мәлімдеді. Сол күні МАГАТЭ инспекторлары Тегеран ядролық мәміле жөніндегі міндеттемесінің өз бөлігін қалай сақтап отырғанын тексерді, деп хабарлады lenta.ru.

2015 жылғы шілденің ортасында Иран және халықаралық араағайын «алтылығы» (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия) Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Ислам Республикасы Фордодағы зауытты технологиялық орталыққа айналдыруға ал Аракедегі реакторды халықаралық консорциум жобасына сәйкес қайта құруға міндеттенді, онда пайдаланылған отын ел шегінен тысқары шығарылады. Тегеран сондай-ақ уранды 3,67 пайыздан жоғары байытпауға және 15 жыл мерзімге уран көлемін 300 келімен шектеуге міндеттенді. Иран осы міндеттемелерін орындаған жағдайда одан санкциялар алынып тасталады. Шектеу шаралары егер ел міндеттемелерін орындамаса қайталануы мүмкін.

Халықаралық қоғамдастық Иранның байытылған уранды соғыс мақсаттарына пайдалану әлеуетті мүмкіндігіне алаңдаған болатын.