Магдебургтегі рождестволық базарда теракт болды: қаза тапқандар бар

Фото: Фото: BILD

АСТАНА. KAZINFORM - Магдебургтегі Рождестволық базарда көлік бір топ адамды қағып кетті. Германия билігі кемінде 11 адамның қаза тауып, 80-нен астамы жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Саксония-Анхальт үкіметінің өкілі бұл «шабуыл болуы мүмкін» дейді.

Қаланың баспасөз хатшысы Майкл Рейфтің айтуынша, «Рождестволық базарға шабуыл жасалды». Неміс полициясы мұны әлі растаған жоқ.

Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар саны кемінде он бір. Жергілікті БАҚ «көптеген адам жарақат алды» деп хабарлады.

Магдебург полициясы өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, қылмыскердің өз бетінше әрекет еткен-етпегені әлі белгісіз. Ол «рождестволық базар арқылы кем дегенде 400 метр жүрді» дейді полиция.