«24 қыркүйекте таңертең Ермеков көшесінде диаметрі 300 мм магистральдық су таратқышында апат болды. Орталық сумен жабдықтау цехы 7.30-да апатты жоюға кірісті», - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Апат салдарынан Пичуги, Пассажирский, Ермеков, Нүркен Әбдіров, Ерубаев, Комиссаров көшелері, Бұқар Жырау даңғылындағы 80-нен астам көп қабатты үйлер мен жеке үйлер суық сусыз қалды.
Қазіргі уақытта апатты жою жұмыстары жалғасуда. Тұтынушыларға суық суды кешке дейін күте тұруға тура келеді.