Магистранттарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды
12:40, 23 Қазан 2023
Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады, деп хабарлайды Kazinform Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтына сілтеме жасап.
Тізімде мамандықтардың кодтары, білім беру бағдарламаларының нөмірлері мен атаулары, әр білім беру бағдарламасы бойынша гранттар саны белгіленген.
Тізімге сәйкес, ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасына 3860, бейінді магистратураға 467 грант бөлінген.
Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.
Осыған дейін елімізде докторантура грантын иеленгендер тізімі жарияланғанын жаздық.