Магистратура емтиханының алғашқы күнінде 434 смартфон тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бойынша магистратураға түсу үшін емихандары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

10-15 тамыз аралығында өтетін магистратура емтихандарыелдегі 27 бекетте ұйымдастырылады. Биылелеміз бойынша 30579 адам магистратура гарантына үміткер ретінде өтініштапсырыпты.

«Биылғы емтихандарға ҚР Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетовтің бастамасымен ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатындаСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, Adal Bilimжобалық кеңсесінің өкілдері мен қоғам белсенділерінен тұратын арнайымониторингтік топтар бақылаушылар ретінде тартылды. Өңірлерге Білім және ғылымминистрлігінің өкілдері жіберіліп, апелляциялық комиссиялар құрылды. Соныменқатар, медициналық көмек көрсету пунктері ұйымдастырылып, тестілеу барысындақауіпсіздік қамтамасыз етілді. Ал ерекше мұқтаждығы бар үміткерлерге жекекөмекшілер мен сурдо-аудармашылар ұсынылатын болады», – делінген ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Агенттіктің хабарына сенсек, кешенді тестілеу 169 аудиторияда өтеді. Барлық аудиторияларұялы байланыс сигналдарын сөндіргіш құралдармен және бейнебақылаумен қамтамасызетілген.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу 3 пункте өтіп жатыр.Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да бірінші лекте 591 үміткер қатысып жатыр. Тестілеугекіргізу кезінде 434 смартфон тәркіленді.