Өтінім беру үшін eGov.kz порталында авторлану қажет.
— «Азаматтарға» — «Білім» — «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөліміне өтіңіз;
— «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдаңыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (резидентураға түсу үшін);
- бағдарлама бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) шетел (ағылшын, француз, неміс) тілі бойынша сертификаттың сканерленген көшірмесі (бар болса);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- 3×4 см болатын цифрлық фото;
- 075/у нысаны бойынша электронды форматтағы медициналық анықтама.
Қызмет тегін ұсынылады және оны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы өңдейді.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы құжаттарды қолма қол тапсыруға болады.