Салыстырмалы түрде, 2025 жылы кешенді тестілеуге қатысуға 51 мыңнан астам адам өтініш берген.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, талапкерлер арасында ең көп таңдалған білім беру бағыттары – педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ бизнес, басқару және құқық бағыттары.
– Даярлау бағытын (бейінді және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін кешенді тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады, – деп хабарлады орталық.
Кешенді тестілеудің күні, орны мен уақыты туралы ақпарат 14 шілде күні түсушінің жеке кабинетінде жарияланады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Венгрия қос дипломды магистратура бағдарламасын іске қосты.