Магнит дауылы Беларусте Солтүстік шұғыласы сәулесін шашты

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - 8 тамызға қараған түнде Беларусь Республикасында төтенше сирек кездесетін жағдай байқалды - солтүстік шұғыла шашылды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК беларустың «Наша нiва» газетіне сілтеме жасап.

Жақын арада болған Күн көзіндегі күшті жарқ ету, зарядталған бөлшектер ағынының пайда болуына әкеп соқты, олар біраз уақыттан кейін Жерге жетіп, атмосфераның беткі қабаты - ионосферамен соғылысты. Атмосфераның атомдары иондарға бөлініп, қайта бірікті (бұл процесс рекомбинация деп аталады), әртүрлі түсті сәуле таратты, деп жазды "Наша нiва".

Солтүстік шұғыла - солтүстік белдеудегі тұрғындар үшін жиі кездесетін құбылыс, ал мұндайды Беларусьте көру үшін, шын мәнінде Күн көзінен шыққан жарқ етуден кейінгі болатын күшті магниттік дауыл қажет.

Бұндай құбылыс бірнеше жылда бір рет болады, сондықтан аспанның солтүстік баурайында түнгі жарқырауды көру - расында да сирек сәттілік.