Магнитогорскіде опат болғандардың саны 33-ке жетті
«Құтқарушылар 33-інші адамның денесін алып шықты»,-деді ТЖМ өкілі. Бұған дейін қирандылардың астынан әйел мен оның екі баласының мәйіті шығарылған еді.
Соңғы деректерге қарағанда, қайғылы жағдай салдарынан алты бала көз жұмған. Үйінділерді қазу жұмыстары жүріп жатыр. Тоғыз адамның тағдыры белгісіз.
Еске сала кетсек, 31 желтоқсан күні Магнитогорскіде тоғыз қабатты үйлердің бірінің кіреберісінің жабыны опырыла құлаған еді. РФ Тергеу комитетінің болжамынша, оқыс оқиғаға тұрмыстық газдың жарылуы себеп болған.
Құтқарушылар тәулік бойы үйінділерді аршып жатыр. Қаайғылы оқиға орнында "Центроспас" және "Лидер" құтқарушы жасақтары жұмыс істеуде. Сондай-ақ Ресей ТЖМ Орал оқу-құтқару орталығы, өрттен құтқару гарнизондары, аэромильдік топтар тартылған.