Магомед Адиев Қазақстан құрамасы сапында тарихи жетістікке қол жеткізді

Магомед Адиев бастаған Қазақстан құрамасы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Каzinform бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Sports.kz

Ресейлік маман Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде алғашқы ойынын 2022 жылы 3 маусымда Астанада, Ұлттар лигасы ойыны аясында Әзербайжан құрамасына қарсы (2:0) өткізді. Сан-Мариноға қарсы ойындағы жеңісі оныншы болды. Бұған дейін бірде-бір бас бапкер он рет жеңіске жетпеген. 

Қазақстан құрамасының жеңістері бойынша рекордқа қол жеткізген бапкерлер:

1. Магомед Адиев — 10 жеңіс (17 матч);

2. Арно Пайперс — 7 жеңіс (36 матч);

3. Серік Бердалин — 6 жеңіс (20 матч);

4. Воит Талгаев — 5 жеңіс (9 матч);

5. Михал Билек — 5 жеңіс (18 матч);

6. Мирослав Беранек — 5 жеңіс (24 матч).