Магомед Адиев жақын арадағы жоспарына қатысты мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Ақтөбенің» бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Sports.kz

Ол, сонымен қатар алдағы уақыттағы жспарын да атап өткен.

«Достар, жанкүйерлер, бүгін маған жақын арада «Ақтөбе» футбол клубын басқаратыныма қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Алайда, менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан құрамасы мен наурыз айында өтетін ойындар, мен қазіргі кезде осы кездесуге дайындық мәселесіне баса назар аударамын.  соған көңіл бөлемін деп сендіргім келеді. Менің арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына жету және соған қатысу. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын», - деп жазды Адиев Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та «Ақтөбені» Магомед Адиев басқарады деген ақпарат тараған болатын.