АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Жыл таңдауы – Алтын адам» сыйлығы аясында «Жыл бапкері» номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресейлік маман ел құрамасының бас бапкері қызметіне биыл мамыр айында тағайындалған еді.
«Оның жетекшілігімен қазақстандық футболшылар UEFA Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орынмен В лигасына шықты. «Жыл таңдауы» ұлттық сыйлығы Қазақстанда 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жеңімпаздар халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы, сарапшылардың дауыс беруі, ұйымдастырушылардың талдауы және қазылар алқасының таңдауы бойынша анықталады», - деп жазылған Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, «Тараз» алдағы жылы бірінші лигада ойнайтын болды.
Фото: ҚФФ
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.