Чемпионаттың 23-туры аясында «Ахмат» өз алаңында мәскеулік «Локомотивті» қабылдады. Кездесу 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
21-минутта Алексей Миранчук пенальтиден гол соғып, есеп ашты. Ал 58-минутта Сергей Пиняев мергендігімен көзге түсті.
Айта кетейік, 19-минутта «Ахматтың» ойыншысы Дарко Тодорович қызыл қағаз алып, алаң иелері кездесу соңына дейін 10 ойыншымен қалды.
«Ахмат» келесі кездесуін 13 сәуірде өз алаңында «Балтикаға» қарсы өткізеді.
Естеріңізге салсақ, Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Содан бері 22 ойынның 11-де жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.