Мағжан Шамшадин Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Мағжан Шамшадин Астанада өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте 15-орында тұрған Франция өкілі Седрик Револмен татамиге шықты.
Белдесудің аса тартысты өткені сондай, негізгі уақытта қарсыластар бір-бірін ала алмады. Қосымша уақыттың өзі 7 минут жарымнан асты. Ақыры Мағжан оңтайлы әдіс жасап, жеңіске жетті.
Осылайша, Мағжан Шамшадин спорттық жолында ірі табысына қол жеткізді.
Әйелдер арасында Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде орыс қызы Кристина Дудинаға (INA) есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбиба Әбужақынованың Qazagstan Barysy Grand Slam турниріне қатыспайтынын жазған болатынбыз.
Мағжан Шамшадин Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына шықты.
Ғұсман Қырғызбаев Qazagstan Barysy Grand Slam жарысының алтын жүлдесіне таласады.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).