Мағжан Шамшадин Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Мағжан Шамшадин Астанада өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/kaz_judoteam
Жарыстың алғашқы күні Мағжан 60 келіге дейінгі салмақта сәтті күресті.
Ол жартылай финалда тәжікстандық Михрзод Суфиевпен татамиге шықты. Тартысты өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы қосымша уақытта айласын асырып кетті.
Тағы бір қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев та 66 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін таласады.
Әйелдер арасында Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін күреседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбиба Әбужақынованың Qazagstan Barysy Grand Slam турниріне қатыспайтынын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).