Мағжан Жұмабаев ауданына жаңа әкім тағайындалды - СҚО
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауданның жаңа әкімін өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырған.
Қайрат Омаров 1979 жылғы 15 наурызда Көкшетау облысы, Володар ауданында дүниеге келген. «Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген, экономика бакалавры, заңгер.
2008 жылдан 2012 жылға дейін «ХҚО» РМК Ғ. Мүсірепов аудандық филиалын басқарды.
2012-2015 жылдары Ғ. Мүсірепов ауданы әкімінің экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.
2015 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.