Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша, мерекелік медальдар мен кітаптар дайындалып жатыр.
«Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, АҚШ, Башқұртстан мен Ресей Федерациясының шекаралық өңірлерінен делегациялар келеді. Құрметті қонақтарды күтіп отырмыз - Жазушылар одағының мүшелері, мағжантанушы ғалымдар, ақынның туыстары, гала-концерт қатысушылары - «Мағжан көктемі» республикалық өнер фестивалінің жүлдегерлері шақыртылды», - деді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов.
Мерекелік тақырыптар бойынша үш кітап - «Қазақтың Мағжаны» екітомдығы, «Мағжан Жұмабаев» энциклопедиясы және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Біздің Мағжан» суретті жинағы баспаға дайындалып жатқанын атап өтті.
«Бұл кітаптар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да халықаралық конференцияда таныстырылады. «Қазақтың Мағжаны» екі томдығы 500 дана, энциклопедия - 1000 данамен шығарылады. «Қазпошта» АҚ-мен мерекелік пошта маркаларын шығару мәселесі шешілді. Мерекелік медальдар жасалынып жатыр», - деп атап өтті К.Оспанов.
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Әріпханның ақпараты бойынша, негізгі іс-шаралар өтетін Сарытомар ауылының аумағында этноауыл ұйымдастырылады.
23-25 маусымда Мағжан Жұмабаев ауданында республикалық Мағжан оқулары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
25 маусымда Петропавлда №5 СҚМУ ғимаратының маңында Мағжан Жұмабаев ескерткішінің салтанатты ашылуы болады. Университет базасында отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Мағжан Жұмабаевтың мұрасы және руханият» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жоспарлануда.
Іс-шараның соңында «Мағжан көктемі» V Республикалық өнер фестивалі гала-концерті ұйымдастырылмақ.
12:11, 06 Маусым 2018
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын мерекелеуге жеті елден делегация келеді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын мерекелеуге Солтүстік Қазақстан облысына жеті елдің делегациясы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.