Петропавлда пошта маркасы ресми таныстырылды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің директоры Жанна Омарова арнай пошта мөрін басып, конвертке қол қойып, бір-бірімен алмасты.
Еске салайық, бүгін Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы аталып өтілуде. Негізгі іс-шаралар М.Жұмабаев ауданы Сарытомар ауданында - ақынның туған жерінде өтті.