«Қазақ тіліне деген қызығушылығы студенттік жылдарда басталған У. Гүрсу докторантура оқып жүргенде «Түрікше және қазақша мақал-мәтелдердің салыстырмалы анализі» атты диссертациясын қорғап шыққан. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» туындысының түрікшеге аударылмағанын байқап, аударма жұмыстарына кіріседі. Осылайша толағай еңбектің жемісі - Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты оқу құралы жуырда түрік оқырмандарына ұсынылды» деп мәлім етті Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Facebook парақшасында.
Оқу құралы педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, кітапта психология және логика салалары туралы да ақпарат берілген.
Туындыда педагогика ілімі қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне сәйкес жазылған.