деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырып отыр.
«Бір ел - бір кітап» акциясы барысында Мағжан поэзиясын оқытуды көздеген мәдени-танымдық бірнеше іс-шара өткізіледі. Соның бірі қыркүйектің 23-і күні өтетін «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» атты поэтикалық марафон. Бұл марафонның мақсаты - қазақ поэзиясына маржан жырларын қалдырған Мағжан ақынның бай мұрасын насихаттау, ұлттық әдебиетімізді ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақ бойына патриоттық сезімді сіңіру.