Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген ақпаратта. 

Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.