«Кадрмен қамтамасыз ету мәселесіне бөлек тоқталғым келеді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары су мамандары бұл саладан көптеп кетіп жатыр. 2020 жылы біздің бастамамызбен аталған саланы кадрмен қамту мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан су шаруашылығы институты ашылды. Сондай-ақ, биыл су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында 2 орталық ашылды. Біріншісі, СҚО-да, екіншісі Алматы қаласында», - деді М. Мырзағалиев.
Министрдің айтуынша, биыл аталған орталықтар арқылы 800 маманның білімін жетілдіру көзделіп отыр. Одан бөлек, 15 жас маманнан тұратын кадрлық резерв құрылған.
Бұған дейін М. Мырзағалиев елімізде апатты жағдайдағы су қоймаларының жөндеуден өтіп жатқаны туралы айтты.